«Соңғы қоңырау» мерекесіне орай аудан әкімінің құттықтауы

«Соңғы қоңырау» мерекесіне орай аудан әкімінің құттықтауы

Құрметті ұстаздар мен мектеп бітірушілер, қадірлі ата-аналар!

Бүгінгі салтанатты соңғы қоңырау мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. «Білім – ұлы күш. ХХІ ғасыр – білім мен ғылым ғасыры!

Соңғы қоңырау мерекесі – бұл адам өміріндегі тарихи кезең. Түлектер он бір жыл білім алған алтын ұяларымен қоштасса, ұстаздар сүйікті шәкірттеріне болашақ өмірге жолдама береді.

Жалпы биылғы оқу жылында аудан бойынша 957 мектеп бітірушінің 829-ы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш білдіріп отыр. Бітірушілер арасында 55 бала «Алтын белгіге», 124 бала «Үздік аттестатқа» үміткер. Қазіргі уақытта ҰБТ басталды, № 51 орта мектептен 1 оқушы өз білімін дәлелдеп «Алтын белгіні» қорғап, 126 бал жинады.

Сондықтан, мектеп бітіруші түлектердің барлығына алдағы ұлттық бірыңғай тест сынағынан сүрінбей өтеді деп сенемін.

Шәкірт тәрбиелеу жолында талмай еңбек етіп келе жатқан ұстаздар қауымына алғыс айтамын. Үлкен өмірдің табалдырығын аттағалы тұрған мектеп бітірушілерге алға қойған мақсаттарына жетулеріне тілектеспін.

Елдің болар болашағы жарқын болсын!