Төрт ауылдың тынысы

Төрт ауылдың тынысы

Ауылдағы ағайынның тыныс - тіршілігіне талдау жасап, елмен еркін форматта жүздесіп, тұрғындар көкейіндегі мәселе мен ұсыныс - тілектерін тыңдау үшін аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы Тілеуімбетов елді мекендерге іс - сапарын бастады. Ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудандық мәслихат хатшысы, аудан прокуроры мен бөлім басшылары бастаған делегат алдымен шалғайдағы шаруалардың жай-күйін білуге бет алды. Бағыт – Көктөбе, Қандөз, Қаратөбе, Келінтөбе ауылдық округі.

Ауданға әкім болып келгеніне екі аптаға жуықтаған Мұрат Тілеумбетов барлық сала қызметкерлерін, ардагерлер мен аналарды, жастар мен үкіметтік емес ұйым өкілдерін қабылдап, пікірлескен болатын. Енді елді мекендерді аралап, түйінді мәселелерді тізбектеп, меже мен жоспарын жүйеледі. Бірінші аялдама Қандөз ауылы болды.

Жалпы алғанда төрт ауылдағы тіршілікті өзегі төрт мәселеге тірелді. Ауыз су мен аяқ су, жарық, жол және интернет. Айтылған мәселелердің шешілуі уақыт еншісінде. Алайда, аудан әкімі барлық мәселені қағазға түсіріп, келесі келгенде нәтижені көрсетуге уағдаласты.