Аудан әкімі Р. Рүстемов «Жомарт жүрек» қайырымдылық сыйлығының иегерлерін марапаттады.

Аудан әкімі Р. Рүстемов «Жомарт жүрек» қайырымдылық сыйлығының иегерлерін марапаттады.

«Жаңақорған ауданының әлеуметтік - экономикалық, қоғамдық - саяси, мәдени-рухани өміріне белсене араласып, көмекке мұқтаж жандарға шынайы ниетімен қолдау көрсетіп, жарқын болашақ жолында еселі еңбек етіп жүрген азаматтарымызды құрметтеу мақсатында жыл сайын «Жомарт жүрек» қайырымдылық сыйлығының иегерлерін салтанатты құттықтау рәсімін өткізіп келеміз. Жиынның мақсаты – бүгінгі марапатталғалы жатқан азаматтардың жеткен жетістіктерін, бойларындағы елдік ұстанымдарын аудан халқына, Сыр еліне кеңінен танытып, жас ұрпаққа үлгі етіп, қайырымдылық, меценаттық және мейірбандық идеяларын танымал ету, азаматтарымыздың белсенділігінің үздік тәжірибелерін насихаттап бөлісу. Осындай қайырымдылық шараларына белсене атсалысқан азаматтарға алғысымды білдіре отырып, өздеріңізге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!» - деді аудан әкімі Р. Рүстемов.

«Жомарт жүрек» қайырымдылық сыйлығының иегерлері (бес) «Жылдың үздік қамқоршысы», «Туған өлке», «Жылдың үздік ұйымы», «Жыл меценаты», "Жыл тұлғасы" номициялары бойынша марапатталды.