Ауыл әкімдерінің сайлауына арналған брифинг өтті

Ауыл әкімдерінің сайлауына арналған брифинг өтті

Бүгін онлайн форматта ауыл әкімдерінің сайлауға арналған баспасөз брифингі өтті. Қызылорда облысы бойынша 8 аймақтың жеті аймағында 40 ауылдық  окруктердегі 54 сайлау учаскескелерінде дауыс беру өтуде. Облыс бойынша 304 комиссия мүшелері тартылған. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерінің барлығы азанғы сағат 6.00 де ашылып тиісті хаттамаларын жасады. Жергілікті уақыт сағат 7.00-ден бастап сағат 20.00-ге дейін учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері сайлаушыларға сайлау бюллетеньдерін береді.  - Дауыс беруге арналған үй-жайларды жарақтандырудың "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның және жарақтандыру жөніндегі Орталық сайлау комиссиясы нұсқаулығы бойынша барлық сайлау учаскелері талаптарға сай қамтамасыз етілді, - деді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев.