Жаңақорғанда ең жас дауыс беруші өз таңдауын жасады

Жаңақорғанда ең жас дауыс беруші өз таңдауын жасады

Ауыл әкімдерінің сайлауына дауыс беруде жастар белсене қатысуда. Маңызды науқанға Жаңақорған ауданынан алғашқы болып барған ең жас дауыс беруші Жандосбек Сабырұлы сайлауға қатысты өз пікірін білдірді. – Алғашқы болып дауыс беруге келген екенмін, өз таңдауымды жасадым. Бұйырса, біз күткен оң шешім шығатынына сенімдіміз. Біздің болашақ әкімге қоятын талабымыз біреу, ол – ауылды көркейту, кемелдендіру, –деді Жандосбек Сабырұлы. Бүгінде Жаңақорған ауданынан әкім болуға үміткер ретінде 6 кандидат ұсынылды. Айта кетейік, облыс бойынша 146 елді мекеннің 40 ауыл әкімі сайлануы тиіс. Бұл 27,4% құрап отыр. Сайлауды ұйымдастыруға 7 аумақтық және 54 учаскелік сайлау комиссиялары жұмылдырылды. Ауыл әкімі лауазымына 122 кандидат үміткер болып отыр: 49 – саяси партиялардан және 80 өзін-өзі ұсынушылар. Бір орынға 3 кандидаттан келеді. Қазіргі таңда 15.00-дегі ақпарат бойынша 22 792 азамат өз таңдауларын жасады.