Жаңақорған аудандық жұмыспен қамту,әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ—нің ұйымдастыруымен 9 шілде күні сағат 10:00 де Жаңақорған кентіндегі «Ордакент» жастар ресурстық орталығында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіледі.
Аталмыш жәрмеңкеге аудандағы жекеменшік кәсіпорындар мен білім беру ұйымдары және өзге де мекемелер қатысып, білікті де білімді, өз ісінің үздік мамандарын табуға асығады.
Жәрмеңкеге аудан көлеміндегі 22 мекемеден 96 бос жұмыс орындары бойынша сұраныстар келіп түсіп, сұраныс берген мекемелердің өкілдері қатысады.
Бос орындар жәрмеңкесіне жұмыс іздеп жүрген кез келген азамат қатысуға құқылы. Тек өзімен бірге түйіндемесін әкелуі қажет. Жәрмеңкеде жұмыс берушілер сұхбаттасу арқылы білімді кадрларды таңдап, қызметке қабылдауға мүмкіндік алады.