ТҮЛЕКТЕРГЕ СӘТТІЛІК ТІЛЕДІ

ТҮЛЕКТЕРГЕ СӘТТІЛІК ТІЛЕДІ

Бүгін аудан әкімі Руслан Рустемұлы Рустемов Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжіне келіп, колледж базасын жабдықтау мақсатында "ЖАС МАМАН" жобасы аясында келіп жатқан жаңа озық үлгідегі колледждің техникалық базасымен танысып шықты. Осыдан кейін бітіруші түлектерге арналған арнайы мерекелік шараға қатысып, студенттерге таңдаған мамандықтар бойынша Сыр елінің өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосуына ыстық ықылас тілегін білдіріп, сәт сапар тіледі. Шара барысында колледждің үздік бітіруші түлектеріне қызыл диплом табыстады. Сонымен қатар колледж директоры Жомарт Абибуллаұлы оқытушы ұстаздарымызды Облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Бақтыбайқызының және аудан әкімі Руслан Рүстемұлының алғыс хатымен, құрмет грамотасы, сый-сияпатпен марапаттады.