Жаңақорғанда құс фабрикасының құрылысы басталды

Жаңақорғанда құс фабрикасының құрылысы басталды

Бүгін аудан әкімі Руслан Рүстемұлы Рүстемов "Абдулла" шаруа қожалығындағы құрылысы басталған құс фабрикасымен танысты.
Құс фабрикасының құрылысы 2020 жылдың желтоқсан айында басталды. Жоба құны 3,9 млрд теңге, ал жобаның іске асырылу мерзімі 2021 жылдың қыркүйек айы. Құс фабрикасы бір жылда 3 500 тонна ет өндіруді және 150 адамды тұрақты жұмыспен қамтуды жоспарлауда.