Белбеу күресі: еншімізде екі алтын

Белбеу күресі: еншімізде екі алтын

18-21 ақпан күндері аралығында Түгіскен ауылында өткен белбеу күресінен 2006-2007 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы облыс біріншілігінде жаңақорғандықтар 2 алтын, 3 күміс және 1 қоланы қанжығасына байлады.

Алдымен 55 келі самақта сынға түскен Сейдахмет Нұрдаулет ақтық сынға сүрінбей өтті, оның қарсыласы Нұрғали Қыдырәлі де қарсылас шақ келтірмеді. Алайда Ербол Исабаевтан тәлім алатын Нұрдаулет алтын тұғырды бағындырды. Нұрдәулет Тұрсынқұлдың төл шәкірті күмісті місе тұтты. Қос балуанның және жүлдеге ие болған барлық мықтының да жаттықтырушсы Марат Нышанов.
Ал 60 келіде Елдос Акзамұлына бұйырғаны қола жүлде болды. Әділбек Қажымұраттан тәлім алатын оның да болашағынан зор үміт күтуге болады. Күміспен қуантқан Дастан Ашимов та білекті балуан екенін көрсетті Талғат Алайдардың шәкірті ақтық сында білгенін жаңылмады, тек сәттілік жетіспеді.
73 келіде белдескен Әлішер Абушахман да 2-орынды қанағат тұтты. 73 келіден жоғары салмақта Нұрдаулет Махсатқа тең келер ешкім болмады.
– Балуандар жақсы дайындықта болды, тек кейбіріне тәжірибе жетіспеді, бірақ болашағынан зор үміт күтуге болатынын көрсетті. Енді чемпиондар 6-8 сәуір аралығында Петропавл қаласында өтетін ҚР чемпионатына қатысатын болады, – деді М.Нышанов.