Жаңақорған ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің және аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция қызметкерлері бірлесіп қоғамдық тасымал және жеке автокөліктердегі өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы бойынша рейдтік іс-шара өткізді.
Рейд барысында автокөліктерде алғашқы өрт сөндіру құралдарының, атап айтқанда өрт сөндіргіштердің болуы мен жарамдылығы, сондай-ақ газ қондырғысы орнатылған көлік құралдарының техникалық жағдайына ерекше назар аударылды.
Іс-шара жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталды.