
Жақында Моңғолияның Ұлан - Батыр қаласында өткен жамбы атудан Азия чемпионатында топ жарып, ел мерейін үстем еткен жаңақорғандық спортшыларды жерлестері аудан орталығындағы орталық алаңда зор қошеметпен қарсы алды.
Айта кетейік, жастар арасында Маханбет Нұрман "Корей" стилінен 1 орын, "Жамбы" стиль бойынша 2 орынды иеленіп, жалпы есепте 1 орынды жеңіп алса, Асхан Заңғар "Корей" стилінен 2 орын, "Түрік" стилінен
2 орынды иеленіп, жалпы есепте 3 орынды қанжылады. Ересектер арасында Пернебай Ақәділ "Корей" стилінен 2 орын, "Массай" стилінен 2 орынның жүлдегері атанды. Жеңімпаздардың жаттықтырушысы Өміртай Ғалымжан.