
Биыл қазақ әдебиеті мен журналистикасына елеулі үлес қосқан ақын, жазушы, аудармашы, публицист, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, мәдениет қайраткері, запастағы полковник, жерлесіміз Базарбай Исаевтың туғанына 85 жыл толып отыр.
Айта кету керек, Базарбай Исаевтың 85 жылдық мерейтойына орай ауданда бірқатар тағылымды іс-шаралар жоспарланған. Соның бірі – бүгін «Руханият» орталығында өтетін «Сөз бен сарбаз рухын тоғыстырған тұлға» атты облыстық арнау айтушылар байқауы мен «Боздаланың бұлбұлы» атты аудандық ақындар мүшайрасы. Бұл тағылымды шаралар қаламгердің шығармашылық мұрасын дәріптеп, жас ұрпаққа насихаттауға бағытталған.