Жаңа конституцияның басылымы салтанатты түрде табысталды

Жаңа конституцияның басылымы салтанатты түрде табысталды

Бүгін аудан әкімі Мажит Самитовтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа басылымын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің орындалуымен басталды.
Салтанатты жиында сөз сөйлеген аудан әкімі Мажит Самитов жаңа Конституцияның заңды күшіне енуі ел тарихындағы маңызды кезең екенін атап өтіп, жиналған жұртшылықты айтулы тарихи оқиғамен құттықтады.
– Баршаңызды еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының заңды күшіне енуімен шын жүректен құттықтаймын!
Жаңа Конституция аясында ауданымыздың алдында бірқатар маңызды міндеттер тұр. Бюджеттің ашықтығын қамтамасыз ету, заң мен тәртіп қағидатын нығайту және азаматтық қоғамның рөлін арттыру басты басымдықтардың бірі. Жаңа Конституция берген мүмкіндіктерді тиімді пайдалана отырып, аудан экономикасын дамытуға және әлеуметтік мәселелерді кезең-кезеңімен шешуге күш саламыз, – деді аудан басшысы.

Шара барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа басылымы заң үстемдігін қамтамасыз етіп жүрген құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, ел бірлігін нығайтуға үлес қосып жүрген зиялы қауым өкілдеріне, аудандық мәслихат депутаттарына, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне, белсенді жастарға және түрлі сала мамандарына салтанатты түрде табысталды.