Жаңақорған кенті темір жол вокзалында пара армрестлингтен Азия чемпионатында жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшыларымызды жерлестері, спорт ардагерлері мен туыстары зор қошеметпен күтіп алды.
Айта кетейік, 6-8 маусым күндері Қырғызстан мемлекетінде өткен пара армрестлингтен жастар мен ересектер арасындағы ХХІІІ-ші Азия чемпионатында жерлестеріміз төмендегідей жүлделі орындарға ие болды.
Жастар арасында 55 келі салмақта оң қол және сол қол бойынша Оразбаев Бауыржан
І орынды иеленсе, ересектер арасында ІІ орынға қол жеткізді.
Жастар арасында 60 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Молдахметов Шыңғыс І орынды жеңіп алды.
Ересектер арасында 80 келі салмақта Дауренұлы Нұрасыл сол қол бойынша ІІ орынды, ал оң қол бойынша ІІІ орынды иеленді.
Спортшыларымыздың бапкері: Азнабаев Шыңғыс