«Жастар еріктілік жолында» аудандық жастар слеті өтті

«Жастар еріктілік жолында» аудандық жастар слеті өтті

Жаңақорған ауданы қоғамдық даму бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ - нің ұйымдастыруымен "Үсен бауы" таулы аймағында "Жастар - еріктілік жолында" тақырыбында аудандық жастар слеті өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында «Таза таулар» акциясы өткізілді. Жастар туристік демалыс орындарын қоқыстан тазартып, 100-ге жуық қап қоқыс жинады. Бұл жастарымыздың табиғатқа деген шынайы жанашырлығының айқын дәлелі!
Слет барысында қатысушылар өз қолдарымен «Табиғатты аялайық», «Қоқыс тастама» деген экологиялық ақпараттық тақтайшалар жасап, таулы аймақтың белгіленген орындарына орнатты. Бұл белгілер келешекте де мыңдаған демалушыларға ескерту болып қала береді.
Күн бойы командалық team building ойындары өтіп, жастар арасында бірлік пен достық рухы нығайды. Ұлттық тағамдар фестивалінде бауырсақ, қымыз, шұбат — дастархан молшылықпен безендірілді.
«Бір толқында» форматындағы еркін диалог алаңында "AMANAT" партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартаймен аудан жастарының кездесуі өтті. Кездесу барысында мотивациялық әңгімелер айтылып, спикерлер өзара тәжірибелерімен бөлісті.

Жастарымыз — табиғатты сүйетін, еліне жанашыр, бірлікті ұрпақ. Бүгінгі істеген ісіміз — ертеңгі таза болашақтың бастауы!