Аудан әкімі су тарату станциясының құрылысын бақылады

Аудан әкімі су тарату станциясының құрылысын бақылады

Аудан әкімі Жаңақорған кентіндегі «МАИ бекеті» шағын ауданында салынып жатқан су тарату станциясы мен қосылу тармағының құрылыс жұмыстарына барды.

Қазіргі таңда нысан құрылысы аяқталуға жақын. Атап айтқанда, су мұнарасы, екі резервуар, қосылу тармағы және су тарату станциясын қоршау жұмыстары толық аяқталған. Қазір резервуарларды топырақпен қомдау және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жоба маусым айында ел игілігіне пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Айта кетейік, аудан бойынша прокуратура органдарымен мемлекетке қайтарған активтер есебінен екі әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда. Соның бірі — осы су тарату станциясының құрылысы.
Мердігер мекеме құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімге сәйкес жүргізуде.

Құрылыс алаңын аралаған аудан басшысы жауапты мекеме басшылары мен мердігер ұйым өкілдеріне бірқатар ескертпелер айтып, құрылыс және абаттандыру жұмыстарын сапалы әрі жедел аяқтауды тапсырды.