
Бүгін Үкімет отырысынан кейін облыс әкімінің төрағалығымен өткен «Экономика салаларына жасанды интеллектті енгізу жұмыстары туралы» жиыннан соң, аудан әкімі Мажит Самитовтың төрағалығымен мәжіліс отырысы өтті. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша аудан басшысы экономиканың барлық салаларына заманауи цифрлық технологияларды, соның ішінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін кеңінен енгізудің маңыздылығына тоқталды. Осы бағытта барлық мемлекеттік қызметшілерді 100% жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану дағдыларына оқыту, жедел басқару орталығының үздіксіз әрі тиімді жұмысын қамтамасыз ету міндеттелді. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, интернет алаяқтыққа қарсы іс-қимылды күшейту, киберқауіпсіздік деңгейін арттыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Күн тәртібінен тыс 2025 жылдың бірінші және екінші жартыжылдығында кент және ауылдық округ тұрғындарымен өткізілген кездесулер барысында көтерілген мәселелердің орындалу барысы қаралды. Аудан әкімі өткен жылғы кездесулерде тұрғындар тарапынан көтерілген 2 мәселенің тиісті деңгейде орындалмағанын сынға алып жедел орындалуын тапсырды. Жиын қорытындысы бойынша аталған бағыттарда жұмысты жандандыру үшін жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеліп, олардың орындалуы қатаң бақылауда болатыны ескертілді. "Таза Қазақстан" тұжырымдамасы аясында көрекейту- көгалдандыру жұмыстарын тұрақты түрде жалғастыру керектігін тапсырды.