Еркін күрестен республикалық турнир басталды

Еркін күрестен республикалық турнир басталды

Бүгін Жаңақорған кенті, Алпамыс батыр атындағы дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешенінде ұлағатты ұстаз, білікті бапкер Серік Әбдрахмановты еске алуға арналған 2010-2011 жылы туылған жасөспірімдер арасында Республикалық турнир басталды.
Республикалық турнирдің салтанатты ашылу рәсімінде аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы Махмут Рахымжанов, сондай-ақ еркін күрестен бапкер, ұлағатты ұстаз Орынбек Жолшиев қатысушыларға ізгі тілектерін білдіріп, жарыстың жоғары деңгейде өтіп, үздіктердің анықталуына тілектес екенін жеткізді.
Турнирге Дағыстан елінен, Павлодар, Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары, Алматы, Шымкент қалаларынан 10 команда 220 спортшы қатысуда.
Жарыс 17 сәуір күні қорытындыланады.