
Аудан әкімі Мажит Самитов 15 наурыз күні өтетін республикалық референдумға дайындық барысын зерделеу мақсатында бірқатар референдум учаскелерін аралады.
Аудан әкімі референдум учаскелерінің талапқа сай жабдықталуы, азаматтардың дауыс беру процесіне кедергісіз қатысуына жасалған жағдайларға назар аударды.
Қазіргі таңда ауданда референдумды өткізуге бағытталған дайындық шаралары толық жүзеге асырылған. Барлық дауыс беру учаскелері қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жабдықталып, саяси науқанды жоғары деңгейде ұйымдастыруға дайындалуда.
Айта кету керек, Жаңақорған ауданында барлығы 42 референдум учаскесі жұмыс істейді. Ауданымызда жалпы 46 073 дауыс беруші тіркелген.