Дайындық мәселелері пысықталды

Дайындық мәселелері пысықталды

Бүгін аудан әкімі Мажит Самитовтың төрағалығымен алдағы кезеңдегі маңызды шараларды ұйымдастыру және өткізу мәселесіне арналған мәжіліс өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлімдер мен мекеме, ұйым басшылары және кент әкімі қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов «Наурызнама» онкүндігін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес өтетін мәдени-көпшілік және ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге бағытталған шараларды таныстырды.
Аудан басшысы «Наурызнама» онкүндігін және Наурыз мейрамын ауданда жоғары деңгейде ұйымдастырудың маңыздылығына тоқталып, мерекелік іс-шаралардың мазмұнды әрі тағылымды өтуін, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды кеңінен насихаттап, тұрғындардың белсенді қатысуын арттыру, мерекелік бағдарламалардың мазмұнын арттырып, халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын шаралар ұйымдастыруды тапсырды.
Сонымен қатар жиын барысында алдағы 15 наурыз күні өтетін республикалық референдумға дайындық барысы тағы да пысықталды. Аудан әкімі референдум учаскелерінің толық дайын болуын қамтамасыз ету, аудан тұрғындарының дауыс беру белсенділігін арттыру жұмыстарын күшейту жөнінде жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеді.
Бұдан бөлек, мәжіліс соңында аудан әкімі аудан орталығы мен ауылдарда санитарлық тазалықты сақтау, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, коммуналдық қызметтердің үздіксіз әрі сапалы жұмысын үйлестіру жөнінде жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.