
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара жоспарына сәйкес аудан әкімдігінің мәжіліс залында Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Рүстем Рабилұлы Ибрагим мемлекеттік қызметшілерге құқықтық оқыту жүргізілді.
Құқықтық оқытуға дербес бөлімдер және кент, ауылдық округ әкімі аппараттарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері, клуб үйінің директорлары қатысты. Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстаным мен мемлекеттік қызметшілердің моральдық - адамгершілік бейнесіне және іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату және мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыру бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.