Уәкіл Жаңақорған ауданында түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Уәкіл Жаңақорған ауданында түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Бағдат Әбдіқадыр Жаңақорған ауданында ҚР Мемлекеттік қызметі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларының және әдеп кодексі нормаларының сақталуы мәселелері бойынша кент, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім, аумақтық мемлекеттік орган басшылары, мемлекеттік қызметшілер және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен кездесті.
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен жиынды аудан әкімі аппаратының басшысы Рустем Ибрагим жүргізіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтауы маңызды екенін атап айтты.
Әдеп Жөніндегі Уәкіл Бағдат Әбдіқадыр мемлекеттік қызметшілерге ҚР мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларының және Әдеп кодексінің нормаларына қатысты ақпарат беріп, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктер жөнінде түсіндірді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметті атқару мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігіне, этикасына және моральдық бейнесіне жоғары талаптар қоя отырып, қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру екендігін жеткізді.
Жиын соңында ұжымдағы моральдық - психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында мемлекеттік қызметшілерден анонимді сауалнамалар да алынды.
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен кездесуден кейін Бағдат Әбдіқадыр жеке қабылдау өткізіп, қабылдауға келген мемлекеттік қызметкерлердің өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша кеңінен түсіндіріп өтті.