
Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасын түсіндіру мақсатында аудандық білім саласы өкілдерімен арнайы жиын өтті.
Кездесу барысында аудандық білім бөлімінің басшысы, штаб мүшесі Нариман Үсенұлы жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын жан-жақты түсіндірді.
Жиында білім мен ғылымды, мәдениет пен инновацияны дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл бағыттардың елдің тұрақты дамуы мен адами капитал сапасын арттырудағы маңызы кеңінен атап өтілді.
Сондай-ақ, жаңа жобада азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әлеуметтік кепілдіктерді нығайту және заң үстемдігін қамтамасыз ету басты басымдықтардың бірі екені айтылды.
Кездесу барысында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды.