
Жаңақорған аудандық тарихи - өлкетану музейінде Қызылорда облыстық тарихи - өлкетану музейі мен «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей - қорығының ұйымдастыруымен «Отырар алқабының қалалық мәдениеті және тарихи - мәдени мұрасы» атты жылжымалы көрменің ашылу рәсімі өтті.
Көрме барысында келушілер назарына Отырар алқабының қалалық мәдениеті, тұрғындардың тұрмысы, егіншілік, қолөнер, сауда қатынастары мен рухани өміріне қатысты құнды археологиялық жәдігерлер ұсынылады.
Сондай-ақ, тақырыптық экскурсиялар мен «Кім тапқыр?» танымдық викториналық ойыны ұйымдастырылады.
Аталған көрме 2026 жылдың 18 ақпанына дейін жалғасады.