
Аудан прокуроры Бақытхан Бөлеулиев және аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридиновтің қатысуымен М.Қаратаев атындағы №51 орта мектебінде оқушылармен “Заң және тәртіп” тақырыбында тағылымды кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында оқушыларға құқықтық сауаттылық, заң талаптарын сақтау, тәртіп пен жауапкершіліктің маңызы туралы кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, заңды білу және құрметтеу жөнінде пайдалы ақпараттар берілді.
Осындай кездесулер оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және саналы азамат болып өсуіне ықпал етеді.