Жастар арасында дебат турнирі өтті

Жастар арасында дебат турнирі өтті

Руханият орталығында “Жаңа Қазақстан: Құқықтық трансформация” тақырыбында жастар арасында дебат турнирі өтті. Шараға Жастар ресурстық орталығының директоры, штаб мүшесі Наурызбай Орынбасаров қатысып, бүгінгі шараның маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Шара Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізіліп жатқан жаңа реформалар аясында ұйымдастырылды.
Дебат барысында жастар құқықтық мемлекет құру, әділетті қоғам қалыптастыру, адам құқықтары мен заң үстемдігін нығайту бағытында өз ой-пікірлерін ортаға салды. Қатысушылар жаңа Конституциялық өзгерістердің қоғам дамуына әсері, азаматтық жауапкершілік пен жастардың ел болашағындағы рөлі туралы мазмұнды пікірталас жүргізді.
Аталған турнир жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, сыни ойлау қабілетін дамытуға, сондай-ақ елдегі реформаларға белсенді азаматтық көзқарас қалыптастыруға ықпал етті.
Жаңа Қазақстанды құру жолындағы құқықтық трансформация – саналы да білімді жастардың қолында.