Аудан әкімі «Amanat» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасымен кездесті

Аудан әкімі «Amanat» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасымен кездесті
Аудан әкімі Мажит Самитов «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартаймен кездесті.
Кездесу барысында аудан басшысы аудан халқының жайлы өмір сүруіне және күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қажетті инфрақұрылымды дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Сондай-ақ, аудан басшысы мен филиал төрағасы партияның 2023–2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасының ауданда іске асырылуын талқылады.
Бағдарлама аясында әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымдық жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша 2024–2025 жылдары 2231 адам курстан өтті, ал «Жер аманаты» жобасы шеңберінде 2022–2025 жылдары 24,9 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылып, оның 24,4 мың гектары қайта айналымға енгізілді.
Сонымен қатар 2023–2025 жылдары «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 1,2 млрд теңгеге 156 жоба қаржыландырылып, биыл осы бағдарлама бойынша 650 млн теңгеге 55 жоба ұсынылды.
Аталған жобалар ауыл тұрғындарының табысын арттыруға және жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталған.
Өз кезегінде Жандос Базартай партияның алға қойған мақсаттары мен жоспарларының орындалу барысы туралы қысқаша ақпарат берді. Тараптар алдағы уақытта да аудан халқының әл-ауқатын арттыру және әлеуметтік - экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолында бірлесе жұмыс істеуге келісті.
Одан соң облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес соңғы жылдары пайдалануға берілген 200 орындық Оқушылар үйі мен 50 орындық Өнер мектебінің, «Руханият» орталығының жай-күйі мен құрылысы сапасын тексерді.