Полиция Telegram арқылы тарайтын алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертті

Полиция Telegram арқылы тарайтын алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертті
Polisia.kz мәліметінше, алаяқтар Telegram арқылы «тегін электрондық кітаптар» ұсынып, пайдаланушыларға зиянды файл таратып жүр. Белгісіз аккаунттар «мыңдаған кітап қолжетімді» деп хабарлама жіберіп, кітап сұралған соң «арнайы қосымша» деген атпен вирустық файл жолдайды.
Файл орнатылса, алаяқтар құпиясөздер мен қаражатты ұрлап, хат-хабар мен фотоларға қол жеткізуі мүмкін.
Полиция бейресми көздерден қосымша орнатпауға және кибергигиенаны сақтауға шақырады.