
Ауданымыздағы білім беру саласы айрықша назарымызда. Білім беру ұйымдарының материалдық - техникалық базасы жаңартылуда. Апатты жағдайдағы немесе үш ауысымдағы мектептер мәселелесі толық шешілген.
Өткен оқу жылында мектептерді 1240 түлек бітіріп, 1148 мектеп бітіруші (92,5 пайыз) ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Орта балл – 84,5-ті құрады.
Бітірушілердің арасынан 103 түлек «Алтын белгі» иегерлері атанса, 145 түлек «Үздік аттестат» алды.
Жаңақорған ауданы бойынша 114 балабақша жұмыс жасайды. Онда барлығы 5670 бала тәрбиеленуде. 3-6 жастағы балалар 100 пайыз қамтылып отыр.