Көшпелі комиссия отырысы өтті

Көшпелі комиссия отырысы өтті

28 қаңтарда “Заң мен тәртіп” қағидаты аясында Қыркеңсе ауылдық округі, Әбдіғаппар елді мекенінде аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Бектас Нуридиновтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның көшпелі отырысы өтті.
Аталған жиынға комиссия мүшелері, Жаңақорған ауданының прокуроры Бахытхан Бөлеулиев, Жаңақорған аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Нұрлыбек Қордабаев, «Жаңақорған аудандық» орталық мешітінің бас имамы Әбдіхалық Наметов, ауыл әкімдігі, №213 орта мектебінің ұжымы, аудандық ардагерлер, әйелдер кеңесі, жергілікті қауымдастық мүшелері, ата-аналар және жоғары сынып оқушылары қатысты.
Комиссияның күн тәртібінде бір мәселе «Кәмелетке толмағандардың өз-өзіне қол жұмсауының алдын алу шаралары» талқыланды. Ол бойынша №213 орта мектебінің директоры Қалдыбай Елемесов хабарлама жасады.
Сондай-ақ, құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған тақырыптық бейнеролик жастар назарына ұсынылды.
Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар жүктелді.