Президент Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан бойжеткеннің оқиғасына тоқталды

Президент Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан бойжеткеннің оқиғасына тоқталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында Ішкі істер министрлігіне Шымкент қалалық Полициясының әрекетіне құқықтық баға беруді тапсырды.
Құрылтай мүшелерінен осы қайғылы оқиғаға қатысты өтініштер түскенін атап өтті.
Еске салайық, 11 қаңтарда Шымкентте 21 жастағы қыз пышақ жарақатынан қаза тапқан еді. 28 жастағы күдікті қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторында отыр.