Тазалық қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Тазалық қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

19 желтоқсан күні аудан әкімі Мажит Самитов, аудандық мәслихат төрағасы Жарқынбек Ғалымжан және Жаңақорған кентінің әкімі Жасұлан Бейсенбеков кенттің көркеюі мен тазалығына күнделікті өлшеусіз үлес қосып жүрген нағыз еңбек адамдары – тазалық қызметкерлеріне арнайы құрмет көрсетіп, оларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Мерекелік іс-шарада аудан әкімі тазалық саласында еңбек етіп жүрген азаматтардың қоғам үшін маңызы зор екенін атап өтті.
-Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде : «Еңбек адамы — ел экономикасының негізі, оның жүрегі мен жаны. Біздің табысымыз бен жетістіктеріміз тек еңбек адамдарының қажырлы еңбегінің арқасында мүмкін болып отыр», – деген болатын. Шынында сіздердің тынымсыз еңбектеріңіз – көзге көрінбейтін, бірақ қоғам үшін аса маңызды жұмыс. Әрбір таза көше, әрбір жинақы орындар – сіздердің маңдай терлеріңіздің жемісі. Осы еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Бүгінгі мерекелік шара – сіздерге деген құрметіміздің бір көрінісі ғана., – деді Мажит Самитов.
Мерекелік іс-шара барысында тазалық қызметкерлеріне аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталып, естелік сыйлықтар берілді. Ақ дастархан жайылып, концерттік бағдарлама ұсынылды.