
Жаңақорған аудандық мәслихатының кезекті XXXVII сессиясына аудан әкімі Мажит Самитов, аудандық мәслихат төрағасы Жарқынбек Ғалымжан,, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде 2025 жылы ауданда атқарылған жұмыстардың қорытындылары, 2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджетті бекіту және өзге де мәселелер қаралды.
Күн тәртібіне сәйкес аудан әкімі Мажит Самитов 2025 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Баяндама барысында ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуы, халықтың инфрақұрылымдарға қолжетімділігін арттыру бағытында жүзеге асырылған шаралар жан-жақты қамтылды.
Атап айтқанда, ауданда салынған әлеуметтік нысандар, инфрақұрылымдық жобалар, елді мекендерді ауыз сумен қамту, газдандыру, электр желілерін жаңғырту, автомобиль жолдарын жөндеу, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тротуарлар салу және көшелерді жарықтандыру жұмыстарына тоқталды.
Сонымен қатар, аудандық мәслихат депутаттарымен бірлесе атқарылған жұмыстардың аудан халқының өмір сүру сапасын арттыруға оң әсер етіп жатқанын атап өтті. Алдағы уақытта да бірлескен жұмыстың жалғасатынын жеткізді.
Сессия барысында мәслихат депутаттары атқарылған жұмыстарға оң баға беріп, алдағы жоспарлардың жүйелі әрі сапалы жүзеге асуына тілектестік білдірді.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша депутаттар тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылып, баяндамашылар тарапынан нақты жауаптар берілді.