
10 желтоқсан аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридиновтың төрағалығымен аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық - демографиялық, гендерлік саясат жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Күн тәртібінде Талап, Аққорған және Қыраш ауылдық округтерінің әкімдерінің аумақтарында отбасы жағдайында кездесетін тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша есепті хабарламалары тыңдалды.
Сонымен қатар, аудандық орталық көп бейінді ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Ақсауле Мурзаметова ана мен бала денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, ерте жүктіліктің алдын алу мәселелері бойынша жүзеге асырылған шаралар туралы баяндама жасаса, аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов 2025 жылғы комиссия жұмысының қорытындысы және 2026 жылға жоспарланған мәселелер жөнінде хабарлама жасап, алдағы міндеттерді атап өтті.
Комиссия отырысының қорытындысымен сала басшыларына тиісті тапсырмалар жүктелді.