Желтоқсан айында ауа райы қандай болады

Желтоқсан айында ауа райы қандай болады
«Қазгидромет» мәліметінше, желтоқсан айында ауа райы құбылмалы болады. Жауын-шашын негізінен қар түрінде түседі Кей жерлерде екпінді жел, бұрқасын соғып, тұман түседі және көктайғақ болады.
Желтоқсанның бірінші онкүндігінде тұрақсыз ауа райы сақталады: батыста, солтүстікте, шығыста және орталықта қар жауып, ал оңтүстік-батыста және елдің оңтүстік жартысында жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде түседі. Қазақстанның шығыс, оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты қар жаууы мүмкін. Республика бойынша бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі.
Алайда онкүндіктің соңына қарай ел аумағының басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді:
елдің батысында түнде -5-10°С, күндіз -3-8°С;
елдің солтүстік, шығыс және орталық аумақтарында түнде 10-18°С, шығыстың кей аудандарында түнде -23°С дейін, күндіз -5-13°С-қа дейін;
елдің оңтүстігінде және оңтүстік - шығысында түнде -5+2°С, күндіз +3+10°С болады.
Екінші және үшінші онкүндіктерде түнгі температуралық фон -15-20°С-тан -5-10°С-қа дейін ауытқиды.
Ал шығыста кей күндері түнде температура -25-35°С-қа, күндіз -15-20°С-қа дейін төмендеуі мүмкін. Батыста және елдің оңтүстік бөлігінде түнде ауа температурасы 0,-5°С-тан -7-12°С-қа дейін ауытқиды, ал күндіз негізінен 0,+8°С шамасында болады.