Жаңақорғанда «Cыр сұлуы» атты облыстық әнші қыз-келіншектер фестивалі өтті

Жаңақорғанда «Cыр сұлуы» атты облыстық әнші қыз-келіншектер фестивалі өтті
ЖАҢАҚОРҒАНДА «CЫР СҰЛУЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘНШІ ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
26 қараша күні Жаңақорған төрінде өнер мен нәзіктікті үндестірген «Cыр сұлуы» облыстық әнші қыз-келіншектер фестивалі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермендерге тамаша мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Шарада аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов өнерпаз аруларға сәттілік тілеп, фестивалдің маңыздылығын кеңінен түсіндірді.
Фестиваль сахнасында Сыр елінің талантты арулары ұлттық нақыштағы, лирикалық және заманауи әндерді орындап, көрерменді әсем дауысымен, сахналық мәдениетімен, ерекше өнерімен тәнті етті.
Өнерпаздардың өнерін Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Жадыра Шертекова, «Әлшекей» өнер мектебінің мұғалімі Айгүл Өтегенова және әнші-сазгер, мәдениет саласының «Ерен еңбегі», «Еңбек даңқы» төсбелгілерінің иегері Оразғали Бидашев сынды өнер майталмандары саралады.
Бұл шараның басты мақсаты - қазақ қыздарының сұлулығын, өнерін, өр мінезін насихаттау, сондай-ақ Сыр өңірінің шығармашылық әлеуетін кеңінен көрсету.
Фестиваль барысында жаңа есімдер жарқырап таныла түсіп, қатысушылардың орындаушылық шеберлігі жоғары бағаланды сондай-ақ, көрермендер керемет әсер алып, көңілдері көтерілді.
Фестивалге қатысушы өнерпаз аруларымыз әртүрлі номинациялармен марапатталып, естелік сыйлықтар табыс етілді.
Осындай рухани бай, өнерге толы мәдени шаралар ауданымыздың мәдени өмірін жандандырып, жас таланттарға жаңа серпін беретіні анық.
«Cыр сұлуы» – Сыр елінің сәні,Жаңақорғанның ажары!