«Алтын күзін айшықтаған арайлы аудан» атты гала-концерт өтті

«Алтын күзін айшықтаған арайлы аудан» атты гала-концерт өтті

Жаңақорған ауданының орталық стадионында 25 қазан – Республика күні және «Алтын күз – 2025» мерекесіне арналған «Алтын күзін айшықтаған арайлы аудан» атты гала-концерт өтті.
Ауқымды мәдени шараға Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы Мұрат Тлеумбетов, аудан әкімі Мажит Самитов, облыстық мәслихат депутаттары Жорабек Нурымбетов, Жанкелді Ысқақ, Бақдаулет Махашов, Нұрымжан Сопбеков, аудандық мәслихат төрағасы Ғалымжан Жарқынбек Ғалымжан, аудан ардагерлері, ауыл шаруашылығы саласының үздіктері мен аудан тұрғындары қатысты.
Мерекелік кеш өнерпаздардың дайындаған әсерлі театрландырылған көрінісімен басталды.
Сахна төріне көтерілген облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов барша жаңақорғандықтарды мерекемен құттықтап, облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың ыстық сәлемі мен мерекелік лебізін жеткізді.
Осыдан соң, ауданымыздың ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, әлеуметтік салаларында еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтар Қызылорда облысының «Құрмет грамотасы» мен облыс әкімінің Алғыс хаттарымен, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Құрмет грамотасымен», Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталды.
Сонымен бірге, ауыл еңбеккерлері мен саланың үздік өкілдері түрлі номинациялармен марапатталды.
Атап айтқанда: «Үздік ауылдық округ» номинациясымен – Қыркеңсе ауылдық округі, егін шаруашылығында жоғары көрсеткішке қол жеткізгені үшін – Өзгент ауылдық округі, мал шаруашылығы саласында үздік нәтиже көрсеткені үшін – Ақүйік ауылдық округі марапатталды.
Еңбек озаттарына «Озат диханшы», «Озат күріш өсіруші», «Озат шопан» және өзге де марапаттар табыс етілді.
Кеш соңында аудан тұрғындарына арналған үлкен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Қазақ эстрадасының жарқын жұлдызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Иманбаева, жастардың сүйікті әншісі Жарасхан Төлебай, танымал орындаушылар Балжан Бидаш, Нұрдәулет Карлов, сондай-ақ әзіл мен әнді үйлестірген шоумен, жайдарманшы Есқара Бейбіт өнер көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Мереке соңында отшашу атылып, жиналғандарды мерекелік шаттық пен қуанышқа бөледі. Ел еңбегін ұлықтаған, бірлікті бекемдеген, Жаңақорған жұртының мерейін асырған бұл кешке қатысушылар мен көрермендерге тамаша көңіл күй сыйлады.