Республика күні: мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті

Республика күні: мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті

25 қазан күні аудан орталығындағы Рәміздер алаңында 25 қазан - Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтеру салтанатты рәсімі өтті.
Шараға аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов, аудан ардагерлер, құқық қорғау органдарының өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен белсенді жастар қатысты.
Елдік рух пен ұлттық бірегейлікті айшықтаған маңызды шарада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көкке көтеріліп, Мемлекеттік Гимн шырқалды.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке алғаш кірген қызметшілер салтанатты түрде Ант қабылдап, ел алдындағы адал қызмет етуге серт берді.
Мерекелік шара барысында аудан өнерпаздары патриоттық әндерден шашу шашып, қатысушыларға ерекше рух пен мерекелік көңіл-күй сыйлады.