Жаңақорған ауданының әкімдігі жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жоспарлы жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп келеді.
Ағымдағы жылдың 6-8 қазан күндері аралығында Жаңақорған кентіндегі асфальт жабынды көшелер мен білім беру ұйымдарының алдындағы жол үсті
таңбаларын жаңарту жұмыстары атқарылды.
Аталған шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және жолда жүру ережелерін сақтау мақсатында жүзеге асырылуда.