Қауіпсіздік пен қозғалыс тәртібін арттыру мақсатында Жаңақорған кенті, Ы.Алтынсарин және Б.Ысқақов көшелерінің қиылысына жаңа бағдаршамдар орнатылды.
Енді аталған жол қиылысында көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер қозғалысы бағдаршамның көрсеткіштері бойынша жүзеге асырылады.
Баршаңызды жол ережелерін сақтауға, жаяу жүргіншілерге басымдық беруге және сақтықпен жүруге шақырамыз!