Аудан әкімдігі жанындағы комиссия отырысы өтті

Аудан әкімдігі жанындағы комиссия отырысы өтті

30 қыркүйек күні аудан әкімі Мажит Самитовтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл мәселелері және құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Комиссия отырысына аудан прокуроры Дабыл Аянұлы, аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрлан Мерғалиұлы Ибраев, комиссия мүшелері, тиісті жауапты мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібінде төрт мәселе қаралды. Бірінші мәселе "білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл барысы туралы" Қызылорда облысы білім басқармасының Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Нариман Жакудаев хабарлама жасады.

Келесі мәселе бойынша Жаңақорған ауданының полиция бөлімінің "жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жолын кесу, алдын алу және болдырмау бағытында атқарылған жұмыстар жөнінде" аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрлан Ибраев хабарламасы тыңдалды.

Үшінші мәселе бойынша "жастар арасында құқық бұзушылықтарға қарсы атқарылып жатқан шаралар туралы" аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Наурызбай Орынбасаров хабарлама жасады.

Төртінші мәселе меншікке қарсы қылмыстар, оның ішінде бөтен мүлкін ұрлығы (мал ұрлығы) қоғамдық орындарда орын алып жатқан қылмыстар, алаяқтық қылмыстар (интернет алаяқтық) бойынша атқарылған шаралар, сондай- ақ "жол жүрісіне қатысты құқықбұзушылықтар және жол көлік оқиғаларының алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы" аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрлан Ибраев хабарламасы тыңдалды.

Аудан басшысы өз сөзінде білім, құқық қорғау саласында қызмет атқарып жүрген мамандардың адалдығы мен жауапкершілігін арттырудың маңыздылығын атап өтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында жан - жақты зерделеу жұмыстарын ұдайы жүргізуді, сондай ақ, өсім алған қылмыстардың алдын алу, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін рейдтік шараларды кең көлемде өткізуді ұйымдастыру қажеттігін атап өтті.

Комиссия отырысының қорытындысымен аудан әкімі сала басшыларына тиісті тапсырмалар беріп, қажетті шараларды жедел қабылдауды тапсырды.