30 қыркүйек күні Халықаралық қарттар күніне орай аудан әкімі Мажит Самитовтың қолдауымен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің есебіндегі қарттарға құрмет көрсетіліп, "Ар Меди" мейрамханасында мәдени шара өтті.
Шараны аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов ашып беріп, ардагерлерді мерейлі мерекемен құттықтады.
Мерекелік кеште ел ағалары Өмірхан Өтегенов, Мухамбет Шәдібеков сөз сөйлеп, замандастарына бақ - береке тілеп, ізгі тілектерін арнады.Салтанатты іс-шара мерекелік дастархан мен концерттік бағдарламаға ұласты.