30 қыркүйек күні Жаңақорған ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен "Руханият" орталығында қазыналы қарттар күні мерекесіне орай "Қарттарым - асыл қазынам" атты салтанатты шара өтті.
Мерекелік шарада аудан әкімі Мажит Самитов сөз алып, ең алдымен облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың құттықтауын жеткізіп, содан соң ауданымыздың дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар қарияларға алғыс хаттар мен сый-сияпат табыстады.
-Үлкенге құрмет жасау халқымыздың бойына сіңген ерекше қасиет. Бұл ұрпақтар сабақтастығының жарасымды жалғасы. Еліміздің қазіргідей биік белестерден көрініп, тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы жолында Сіздердің қосқан үлестеріңіз ұшан-теңіз. Өмірден көргені мен тоқығаны мол қарияларымыз – біздің баға жетпес байлығымыз. Сіздерге қамқорлық жасау – біздің перзенттік парызымыз. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында жасаған орасан зор еңбектеріңіз, игі істеріңіз ешқашан ұмытылмайды. Баршаңызға мықты денсаулық, әр отбасыға береке, бірлік, мейірім мен шуақты ғұмыр тілеймін. Мерейлі мерекелеріңіз құтты болсын! - деді аудан басшысы құттықтау сөзінде.
Шара соңында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары ән-күйден шашу шашты.