12 қыркүйек күні Төменарық ауылдық округінде ауыл тұрғыны Евгений Метелевтің демеушілігімен жаңа "Даниал арена" спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті.
Жаңа нысанның ел игілігіне берілуіне орай өткен салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов арнайы қатысып, аудан әкімі Мажит Самитовтың құттықтауын жеткізді.
Сондай-ақ түбі Төменарықтан шыққан, бүгінде түрлі салаларда басшылық қызмет атқарып, еңбек демалысына шыққан ардагерлер де көпшілікке ақжарма лебіздерін арнап, ауыл тұрғындарын қуанышымен құттықтады.
Салтанатты шарада спорт кешенінің құрылысына белсене атсалысқан біршама құрылысшыларға аудан әкімінің алғыс хаты тапсырылды.