05 - 11 қыркүйек күндері аралығында Алматы облысы, Өтеген батыр ауданында өткен 2007 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында Қызылорда облысының “Қайсар” командасы жүлделі 3 орын иеленді.
Айта кетейік, облыс құрама командасының басты ойыншыларын Жаңақорған ауданының спортшылары құрайды.
Осы орайда Сыр өңірінде бұқаралық спортты дамыту мақсатында орасан зор үлес қосып жүрген команда жаттықтырушысы, жерлесіміз Кунанбай Салыбековке тек сәттілік тілейміз.