Еске алуға арналған республикалық турнир басталды

Еске алуға арналған республикалық турнир басталды

7 қыркүйек күні Жаңақорған ауданы, Қожакент ауылдық округінде ауыл шаруашылығы саласының ардагері, қоғам қайраткері Амантай Әпетұлы мен Батыр ана, қажы Ұлданай Әбдікерімқызын еске алу құрметіне арналған шағын футболдан республикалық ашық турнирдің ашылу салтанаты өтті.
Шараны аудан әкімі Мажит Самитов ашып, облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың ыстық лебізін жеткізді. Одан соң Қызылорда облысының ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Әбішұлы Дүйсенбаев, ішкі істер саласының құрметті ардагері Әнуар Мәуленұлы Нақыпов еңбек ардагерінің өнегелі өмір жолын тілге тиек етіп, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
Турнирге Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облысы, Шымкент, Кентау қаласынан және Шиелі, Жаңақорған аудандарынан барлығы 12 команда, 150 ге жуық спортшылар қатысуда.