28 тамыз күні Жаңақорған кенті, Тәуелсіздік көшесінің бойындағы "Тағзым" алаңында Семей полигонының жабылғанына 34 жыл толуына орай ардагерлерді еске алу шарасы өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов, аудан ардагерлері мен жастар қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары Бектас Балғабайұлы күллі адамзат баласына зор қауіп төндірген полигон зардаптарын болдырмау бағытындағы қажырлы еңбек еткен ардагерлер қауымына алғысын білдірді.
Семей полигонының жабылғанына 34 жыл толуына орай монумент алдына гүл шоқтары қойылып, ядролық жарылыс салдарын жоюға қатысқан ардагерлерді бір сәттік үнсіздікпен еске алып, құран бағышталды.
Сондай ақ, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік тапсырысы бойынша Семей, Чернобыль ардагерлеріне арнайы қол сағаты тапсырылды.