25 тамыз күні аудан әкімдігінде мемлекеттік қызметшілер арасында Әдеп Кодексінің және еңбек заңнамасының талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен құмар ойындарына тәуелділікке арналған жиын өтті.Жиынды аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Рүстем Рәбілұлы Ибрагим жүргізді.
Жаңадан қабылданған қызметкерлерге мемлекеттік қызметшінің әдебі, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлқы, моральдық - этикалық нормалар кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, құмар ойындарға тәуелділік (лудомания) тақырыбы қозғалып, мемлекеттік қызметшілерге мұндай әрекеттердің заңмен тыйым салынатыны және қоғам алдындағы жауапкершілікке кері әсер ететіні ескертілді.
Кездесу соңында қатысушылар ой-пікір алмасып, ұсыныстарын жеткізді. Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілерді жеке қабылдап, сұрақтарына жауап берді.