М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалы мен Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Жасанды интеллектті дамыту» бағыты бойынша «AI Qyzmet» оқыту семинары өтті.
Семинар жұмысына Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Рүстем Рәбілұлы Ибрагим, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Гүлсара Жеткергенқызы және ақпараттық технологиялар бойынша бас инспектор Мұрат Тілекұлы төрағалық етті.
Семинар барысында мемлекеттік қызметшілер жасанды интеллект саласындағы заманауи біліммен қаруланып, мемлекеттік басқару процесіне AI технологияларын енгізу жолдарын, цифрлық шешімдердің тиімділігін, деректерді басқару тетіктерін меңгерді.
Бұл оқыту – мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру, цифрлық трансформацияны жеделдету және инновациялық шешімдерді енгізу бағытындағы маңызды бастамалардың бірі.