14 тамыз күні аудан әкімі Мажит Самитов «Құрылысшылар күні» мен «Мемлекеттік кірістер органдарының құрылған күні»-не орай сала мамандары мен ардагерлерін қабылдады.
Кездесу барысында аудан басшысы құрылыс және салық саласында еңбек етіп жүрген азаматтарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, ауданның осы салада жеткен жетістіктеріне мереке иелерінің үлесі зор екендігін жеткізді.
- Бүгінде Сыр өңірі Мемлекет басшысының және Үкіметтің қолдауының арқасында қарқынды құрылыс алаңына айналды. Соның ішінде біздің ауданда да құрылыс жұмыстары тоқтаусыз жүргізілуде. Есепті мерзімде құрылыс жұмыстарының көлемі 1,6 пайызға артып, 36 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жаңадан бой көтерген нысандар елді мекендердің келбетін ажарландырып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға үлес қосуда. Мұның барлығы құрылысшылардың тынымсыз еңбегінің нақты нәтижесі екенін көрсетеді. Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органдарының қызметі еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік бюджетке 99,8 млрд. теңге түсіп, жоспар 177% - ға орындалды. Бюджетке 43,4 млрд. теңге қосымша қаржының түсуі қамтамасыз етілді. Мұның барлығы мемлекеттік кірістер басқармасы мамандарының еселі еңбегінің нәтижесі., - деді аудан әкімі.
Салтанатты жиында сала ардагерлері мен мамандарға ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, облыс, аудан әкімдерінің Алғыс хаттары, «Қызмет» мемлекеттік органдардың, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының «Еңбек Озаты» медалі табысталды.
Мерекелік қабылдауда аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Дәулет Қалыбаев, Жаңақорған кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Серқожа Ыдырысов құттықтау сөз сөйлеп, сала мамандарына жылы лебіздерін білдірді.